Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Масадан қандай ауру тарауы мүмкін?

Шыбын-шіркей мен масадан қандай аурулар тарауы мүмкін? Одан сақтанудың жолы қандай? Бұл сауалдарға Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің мамандары жауап берді

Шыбын-шіркей мен масалар аллергиядан өзге бірнеше қатерлі ауруларды тарататын болып шықты. Әрине, қанмен таралатын аурулардың өзі табиғатта аз, дегенмен, масаның тұмсығы мен аяғы арқылы таралатын бірнеше қауіпті аурулар бар. Оның ішінде ең кең тарағаны - безгек ауруы. Бұл ауру ұстама дертіне ұқсас: дене қалтырап, аласұрады.

- Масалар безгек ауруының арнайы таратушысы болып табылады. Безгек ауруын сара масалар таратады. Олар облысымыздың Курчатов қаласы мен Абай, Бородулиха, Тарбағатай аудандарында ғана жоқ, қалған аудандардың барлығында тараған, - дейді департамент басшысының орынбасары Гүлайым Тағаева.

Қуанышқа орай, облыс аумағында мұндай аурумен ауырған адам тек 1964 жылы ғана тіркелген. Шетелге барып қайтқандардың кейбірі безгек ауруының инфекциясын жұқтырып келетін көрінеді. Соңғы рет мұндай жағдай 2011 жылы Семей қаласында болған. Ол кезде Пәкістанға барып қайтқан семейлік тұрғын безгек ауруын жұқтырып келген екен.

Қазіргі уақытта безгек ауруын тарататын масалардың бір шаршы метрге шаққандағы саны 6,3-ке тең болса, аз кездесетін жерлерде олар 1,6-ға тең. Яғни, бір шаршы метр аумақта, шамамен, 1-6 маса кездеседі деген сөз.

- Қансорғыш жәндіктерден қорғану үшін денеге жәндіктерді жолатпайтын арнайы препараттарды жағуға кеңес береміз. Олар жақпамай, спрей, лосьон, аэрозоль түрінде дәріханалар мен шаруашылық дүкендерде сатылады. Сондай-ақ, қорғаныс киім, шымылдық, тор киіп алуға да болады, - дейді маман.

Жыл сайын эпидемиологиялық маусым кезінде безгек ауруын тарататын масаларды жою үшін дезинсекция жұмыстары жасалады. Биыл масалардың көзін құртудың екінші кезеңі аяқталған. Алдағы уақытта тамыз айында тағы бір тазалау жұмыстары жасалады.

Следующая →