Демалыс күні өскемендік 13 жастағы бала жоғалып кетті
7 шілде Сергей Покатилов үйінен велосипедке отырып, қоқыс төгуге шығып кеткеннен қайтып оралмаған
Бүгін, міне, үшінші күн қалада жоғалып кеткен №37 мектептің оқушысы іздеуде. Сергейдің өгей анасы Ольга Покатилованың айтуынша, баланың достары да, таныстары да қайда жүргенінен бейхабар.
Бала Краснознаменная көшесінен жасыл велосипедке отырып кеткен. Үстіне жағасы қоңыр түсті сарғыш жейде, қара шолақ шалбар, қара резеңке шәркей киген.
Жасөспірімді іздеу жұмыстарына тек полиция емес, RINA.KZ еріктілері де кіріскен.
Сергейді көргендер болса, 8-777-850-42-31 (Ольга Александровна), 8-777-641-92-84, 8-747- 900-25-50, 8-771-466-54-38, 8-702-626-14-92 нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.