Семейде екі жасар бала терезеден құлап кетті
Кешкі уақытта түрлі дене жарақатын алған бала ауруханаға жеткізілді
Соңғы уақытта облыста осындай оқыс оқиғалар саны артқан. Жыл басынан бері алтыншы факт тіркеліп отыр.
Құтқарушылардың сөзіне сүйенсек, оқиғалардың барлығы бірдей өрбитін көрінеді: ата-ана қарауынсыз қалған бір жастан асқан балалар екінші және үшінші қабаттағы терезелерден құлап кеткен.
ШҚО ТЖД баспасө қызметі хабарлағандай, көп жағдайда москит торлары себеп. Өзі мықты болғанымен, терезе жақтауларына осал бекітіледі де ауыр салмақты көтере алмай, жыртылып кетеді. Құтқарушылар ата-аналарға аса абай болып, балаларына москит торлары қауіпті екенін ескертуге шақырады.