Үш баланың анасына іздеу жарияланғанына бір апта болды
28-нен 29 маусымға қараған түні қала тұрғыны Татьяна Бабарыкина үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған
Жоғалған тұрғынның әпкесі айтқандай, 36 жастағы азаматшаның сол түні барған орны бейнебақылау камерасына түсіп қалған екен. Ол Защита ауданындағы дәмханаға кетіп бара жатқан көрінеді.
Түн ортасында көңіл көтеру орны жабылып қалатыны белгілі. Алайда әйелдің одан кейінгі бағыты белгісіз.
- Татьянаның ұялы телефоны жоқ, - дейді жоғалған азаматшаның әпкесі Людмила. - Жақындарының телефон нөмірлерін де білмейді.
Татьяна Бабарыкинаны үйінде күйеуі мен үш баласы күтуде. Сондықтан жоғалған Татьянаның қайда екенін білетіндер 8(771)133-02-10 (Людмила) нөміріне хабарласуды сұраймыз.