Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -10°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -9°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    -6°
$
523.72
-0.14
544.09
-0.25
¥
71.75
-0.02
5.2
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Жалған арыз бергені үшін ШҚО тұрғынына 7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін

19 жастағы семейлік бойжеткен өзінің телефонын сатып жіберіп, артынша полицейлерге оның ұрланғандығы жайлы хабарлаған

Кеше Семей қалалық ІІБ-ға жергілікті тұрғын шағымданған. 19 жастағы бойжеткен тәртіп сақшыларына 40 мың теңгелік телефонының автобуста ұрланғандығын айтқан, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.

Полиция қызметкерлері бірден іздеу жұмыстарына кіріскен. Нәтижесінде бойжеткеннің жалған айғақтар айтып, телефонды өзі сатып жібергендігі анықталған. Кейін ол өзінің гаджетін таныс емес біреуге сатып жібергендігін мойындаған.

- Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты 419-баптың 2-тармағы бойынша (көрінеу жалған сөз жеткізу) қылмыстық іс қозғалды, - деп түсіндірді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

19 жастағы бойжеткенге 7 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін немесе 3 жылға бас бостандығынан шектеу, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Следующая →