Риддерде автомектеп ауласынан оқу көлігін айдап кеткен
Кезекші бөлімге мекеме аумағынан белгісіз біреулердің оқу көлігін айдап кеткендігін автомектеп қызметкері хабарлаған
Оқу көлігінде қыдырып қайтпақ болған қылмыскер жергілікті тұрғын болып шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.
- Мекеме қызметкерінің айтуынша, ВАЗ-2106 көлігі 29 маусым мен 3 шілде аралығында автомектеп ауласындағы тұрақта тұрған, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Криминалдық полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп, ізін суытпай көлікті Поперечное ауылынан анықтаған. Оқу көлігін айдап кеткен 27 жастағы Риддер тұрғыны өз кінәсін мойындады.
Көлік құралы тәркіленді. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 200-бабы ("Айдап әкету") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.