Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +24°
$
443.03
+1.24
480.38
+1.61
¥
61.19
+0.17
4.91
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Шемонаиха ауданында өрт салдарынан әйел адам көз жұмды

Оқыс оқиға бүгін түн ортасында орын алған. Өрт сөндірушілер өрт шыққан бес қабатты үйден 29 адамды көшіруге мәжбүр болған

Көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққан. Үй тұрғындарының бірі түтін исін сезіп, өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған. Ал оқиға орнынан жеткен өрт сөндірушілер төменгі қабаттағы пәтерден өрт шығып жатқанын анықтаған.

- Подъездті толығымен түтін басқан. Мамандар тиісті шаралар қолданды, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Шырт ұйқыда жатқан үй тұрғындарының барлығын оятып, далаға шығаруға мәжбүр болған. Бір бөлмелі пәтерге енген өрт сөндірушілер диван мен еден арасынан 57 жастағы үй иесінің денесін тапқан.

Қазіргі таңда тергеу органдары азаматшаның өліміне не себеп болғанын анықтау үстінде.


- Мамандар өрт қасақана қойылуы мүмкін дегенді алға тартады. Бірақ сонымен бірге электрқұрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік техникаларын сақтамау және отқа салғырт қарау нұсқалары да қарастырылуда, - деп қосты мекемедегілер.

Следующая →