Гавайда күнге қарсы жақпаны пайдалануға тыйым салынбақ
Бұл шектеу құрамында оксибензон немесе октиноксаты бар косметикалық өнімдерге қолданылады
Гавайдағы маржан рифтеріне зиян келтіретін химиялық заттары бар күннен қорғанатын жақпаларды сатуға тыйым салынады.
АҚШ экологиялық лабораториясы жүргізген зерттеуге сәйкес, оксибензон және октиноксат сияқты заттар рифтерге улы және кішкентай маржандарға зиян тигізеді. Адамдар суға шомылуға кіргенде су және ондағы тіршілік ластанады.
Бұл биліктің 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін заң жобасын мақұлдауының негізгі себебі болды.