Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Суға батып көз жұмды

ШААШҚЖ құтқарушылары Ұлан ауданындағы жасанды су қоймасынан 44 жастағы ер адамның мәйітін алып шықты

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қайғылы жағдай дүйсенбі күні Өскемен-Алматы тас жолының 56-шы шақырымында орын алды. Көз жұмған азамат достарымен бірге су жағасында ішімдік ішкен. Артынша ішімдікке масайған азаматтар су қоймасының екінші жағасына жүзіп өтпек болған. Сол күні марқұммен бірге болған жолдастарының бірінің сөзіне сүйенсек, олар бұған дейін де осылай екінші жағалауға бірнеше рет өткен. Марқұм арқасымен жүзіп келе жатса, досы алға шығып, оза жүзген. Бірақ бірақ уақыттан кейін артына қараса, досы ізім-ғайып жоғалып кеткен. Шамамен, жағаға 100 шақырым жерде азамат суға батып кеткен.

- Суға батқан азаматты іздеу жұмыстарына ШААШҚЖ бөлімшесінен алты құтқарушы жұмылдырылған. Сүңгуірлер 8-9 метр тереңдікке шолу жасады. Су асты қараңғы болғандықтан ештеңе көрінбейді. Бірақ бірнеше сағаттан кейін суға батып кеткен азаматтың денесі анықталып, судан шығарылды, - дейді ШААШҚЖ 6-бөлімшесінің басшысы Нұржан Байжақов.

Қазір мамандар азаматтың суға батып кетуіне не себеп болғанын анықтауда. Алдын ала болжам бойынша, азамат тоңазып, сіңірі тартылып қалуы да ғажап емес. Тіпті, ішімдікке мас адам арқасымен суға жүзген уақытта есінен танып, лезде суға тұншығып кетуі де мүмкін.

Айта кеткен жөн, суға шомылу маусымы басталғалы облыста 11 адамның ажалы судан келді.



Следующая →