Аягөз ауданының 10 түлегі жоғары білімді тегін алмақ
KAZ Minerals Aktogay ірі қазақстандық компаниясы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да оқу үшін арнайы грант бөлуде
Оқу гранттарын Ақтоғай, Қопа және Таңсық ауылдарындағы мектептердің 10 түлегін алмақ.Олар мектепте үздік үлгерімі бар және ҰБТ бойынша кем дегенде 90 ұпай жинағандар. Олимпиадаларда, ұлттық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен турнирлерде жүлделі болулары құпталады.
- Студенттерді баламалы нәтижелермен салыстырған жағдайда, арнайы комиссия халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан балаларға артықшылық беріп отыр, - деп түсіндірді компания.
Таңдалған түлектер Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ төрт жыл бойы білім алады. Оқу аяқталысымен түлектер KAZ Minerals кәсіпорындарында жұмыс істейтін болады.
Компанияның мәліметі бойынша, бөлінген грант сомасы жылына 760 мың теңгені құрап отыр. Бұл - білім беру құны ғана емес, сонымен қатар жатақханада тұру үшін төлем, сондай-ақ шәкіртақысы бар.