Өртті өзі өшірмек болған азамат тірідей өртеніп кете жаздады
Риддерде түн ортасында жер үй өртеніп, оқиға куәгерлері өрт құтқару қызметін шақыртқан
Кеше кешке өрт сөндіру қызметіне жер үй тұрғыны хабарласып, көрші үйдің өртке оранғанын хабарлаған.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрт ошағын анықтады – жер үйдің ас бөлмесінен өрт шыққан.
- Пәтерді жалдап отырған зардап шеккен азамат далада күтті, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Алдымен ол өртті өзі сөндірмек болған. Бірақ күйіп қалған.
Азамат 2-ші дәрежелі термиялық күйік алып, Риддер қалалық ауруханасының травматологиялық бөліміне жеткізілді.
- Өрттің шығуына кез келген жағдай себеп болуы мүмкін. Тіпті, сөндірілмеген темекі, қараусыз пеште қалдырылған тамақ та өртке себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Риддер қалалық ТЖБ бас маманы Медет Мұқашев.
Айта кеткен жөн, жыл басынан бері облыста өрттен 13 адамды түрлі дәрежелі күйік шалған.