Өскемен тұрғыны итті елдің көзінше өлтірмек болған
Кеше кешкісін Согра ауданының тұрғыны итті өлтірмек болған қанішердің қолынан жануарды құтқарып қалды
Көшеге баласымен қыдыруға шыққан Анастасия бір заматта өзі танитын иттің үсті-басы қан-жоса болып қашып келе жатқанын байқап қалған. Ал оның артынан бір қолына кувалда, екінші қолына пышақ ұстаған еңгезердей еркектің қуып келе жатқанын көріп жағасын ұстаған.
Ал Анастасия маңайдағылардан көмек сұрап айғайлай бастаған. Ит те адамдардың жанына келіп, қыңсылап жата қалған.
- Көршінің иті ешкімге зияны жоқ ит болатын. Тіпті, үруді де білмейтін, - дейді куәгер.
Куәгер уақыт жоғалтпай бірден полицияға хабарласқан. Құқыққорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап, оған кім кінәлі екендігін анықтамақ. Ал күдіктіге қылмыстық жаза беріледі.