Израиль Сирия босқындарын елге кіргізбей қойды
Израильдің әскерилері Сириядан қашқан босқындарды шекарадан өткізбей қойды, есесіне, гуманитарлық көмекті көбейтпек
Израиль Голан асуынан қашқан босқындардың көп екендігін айтады. Бұған Сирия үкіметі мен оппозиция отрядының қақтығыстары себеп болған дейді.
- Әскерилер қазір Сирияның оңтүстігінде не боп жатқанын жіті қадағалауда ұстап отыр. Лаңкестерден қашқан босқындарды қорғау үшін күзет күшейтілді, - дейді әскерилер.
Израиль әскерилері босқындарға азық-түлік, шатыр, киім-кешектер беруге әзір.