Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Семей тұрғыны сүйіктесін опасыздық жасады деп өлтірген

Ал сүйіктісі болса, ол күні әкесі қайтыс болып, соның жерлеуіне дайындалып жатқан

Семейдің 31 жастағы тұрғыны өзінің сүйіктісімен азаматтық некеде тұрғанына бес жылдай болған. Алайда ортада сезім суып, әйел адам басқа еркекке кетіп қалған көрінеді. Кейін әйел қайтып оралып, екеуі қайта қарым-қатынас жасай бастаған. Бірақ екеуі бөлек тұрған.

Сол күні ер адам сүйіктісіне қанша хабарласса да, ала алмаған. Қызғаныштан өліп кете жаздаған ол ашуын басу үшін ішімдік ішіп, өзін сабырға шақырмақ болған. Алайда одан да түк шықпай, мас күйінде сүйіктісін іздеуге шығып, оның үйіне аттанған.

Үйіне бара салысымен, қызғаныштан қаны қарайып, ашуға булыққан ол ештеңе тыңдамастан, әйел адамның кеудесіне үш рет пышақ жұмсаған. Әйел сол жерде-ақ тіл тартпай кеткен. Кейін белгілі болғандай, бұл күні әйел әкесінің жерлеуіне дайындалып жатқан екен.

ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданааралық соттың мәліметіне сүйенсек, күдікті 12 жыл бас бостандығынан айырылып, қатал режімде жаза өтеуге үкім шығарылған.

Следующая →