Өскеменнің коммуналшылары трамвай жолдарын жөндей бастады
Қаланың коммуналды жұмысшылары бір аптаның ішінде трамвайдың біршама жолын жөндеп тастады
Көше қиылысындағы трамвай рельстері жөнделмей, тегістелмей ұзақ жатқан еді. Әсіресе, көліктің жолдан өтуіне кедергі келтірген бұл рельстердің жанына асфальт төселе бастады.
- Тәуелсіздік даңғылы, Ворошилов-Абай, Абай-Шолохов, Абай-Грейдерная, Әуезов-Орджоникидзе көшелерінің қиылысындағы, Бажов-Тәуелсіздік даңғылы, Белинский көшесіндегі травмай жолдары жөнделіп бітті, - дейді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.
Коммуналды кәсіпорынның айтуынша, Белинский көшесіндегі трамвай жолын жөндеу бәрінен де қиын болған. Өйткені мұндағы трамвай рельстерді жолдан көтеріңкі, шығыңқы жатыр. Мұндайда рельстің бойына дейін асфальт төсеп, көліктің өтуіне оңай болу үшін барынша тегістелген.
Алдағы уақытта Гоголь мен Ворошилов көшесі бойындағы трамвай жолдары тегістелетін болады.