Алматының жүргізушілері жаңадан орнатылған бордюрларға наразы
Айтуларынша, жаңадан қойылан гранит жиектастар көліктің дөңгелегін жарып тастайды
Бюрдорге жақындап кеткен көліктің дөңгелегі жыртылады, оның үстіне, жаяу жүргіншілердің де аяғын жарақаттауы мүмкін.
Ал қала әкімдігі бордюрлердің сынбай, бүлінбей ұзақ тұруы үшін бетон бордюрлерді емес гранит бордюрлерді қоя бастаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазіргі уақытта қаланың алты ірі магистраль көшелеріне жаңа жиектастар орнатылып жатыр. Ал әкімдік граниттің өткір ұштары кейін тегістелетіндігін жеткізді.