Өскемендік азамат көлігін жоғалтты
Қылмыскер "Геолог" бағбандық қоғамының аумағында автокөлікті ұрлаған
Daewoo Gentra жеңіл автокөлігі жексенбі күні түнгі сағат 01.00-де ұрланған.
Жоғалған автокөліктің иесі полиция қызметкеріне 20 минутта "көлігім жердің ішіне кіріп кеткендей" деп шағымданды.
- Автокөлік иесі көлікті "Геолог" бағбандық қоғамының қақпасында қалдырды, - деп Өскеменнің ІІБ хабарлады. - Ол қайтып келгенде, көлік орнында болмады. Жәбірленуші материалдық залалды 3 700 000 теңгеге бағалады. Полиция қызметкерлері дереу жоғалған көлікті іздей бастады. Қызметкерлер тез арада көлікті де, қарақшыны да тапты. Шетелдік автокөлікті 27 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны ұрлаған болып шықты. Қазір оған қатысты алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.