ШҚО тұрғыны жанып жатқан үйден мүгедек жан мен екі баланы алып шықты
Үйдің өртеніп жатқанын көрген әйел өрт сөндірушілерді күтпей-ақ өзі құтқаруға кіріскен
Семей қаласына қарасты Шекоман селосында екі пәтерлі жер үй өртеніп, үйдің қабырғасы мен едені, терезелері мен төбесі, жиһаздары отқа оранған.
Ал үйдің иесі ауылдан кетер алдында 50 жастағы құрбысына үйді тапсырып, мүгедек қызы бен немересін уақытша қалдырып кеткен. Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлағандай, егде әйел үйдің терезесінен 5 және 8 жастағы екі баланы құтқарып қалған.
Ал мүмкіндігі шектеулі жанды бір өзі шығара алмағандықтан, көршісін шақырып, үйден алып шыққан.