Өскемен қаласының 77 жастағы тұрғынына шұғыл қан керек
Онкологиялық аурумен күресіп жатқан қарт әйел бірінші теріс қан тобына мұқтаж
Науқас әйелдің қызы Галина Цыбульская хабарлағандай, анасы Мария Крухмалева асқазанына операция жасатқан. Салдарынан анасы көп қан жоғалтқан.
Қазіргі уақытта қаланың тұрғыны №1 қалалық ауруханада жатыр. Науқасқа екінші операция қажет. Әйел көп қан жоғалтқандықтан, Галина Цыбульская қаны бірінші теріс тобына жататын барлық азаматтардан мүмкіндігінше тез арада хабарласуын сұрайды.
Галина Николаевнаның айтуынша, анасы ұзақ уақыт бойы қан доноры болған, бірақ қазіргі уақытта өзі оған мұқтаж.