Өскемендік еріктілер ауыр сырқатқа душар болған баланың еміне 433 мың теңге жинады
Облыс орталығының тұрғындары осы сенбіде Алима Көпейге қолдау білдіру мақсатында шара өткізді
"Мұзтау" сауда үйінің алдындағы көлік тұрағында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Әрбір жолаушы ойыншық, шар, тәтті және тағы да басқа балаларға арналған заттарды сатып ала отырып, Алима Көпейге қол ұшын созуға мүмкіндік алды.
Ауыр сырқатқа душар болған қыздың ата-анасын қолдау мақсатында Қазақстан бойынша әртүрлі қайырымдылық жәрмеңкелері өтуде.
- Жиналған барлық қаражатты бүлдіршіннің есепшотына аударамыз, - дейді жәрмеңкені ұйымдастырушылардың бірі Әйгерім Қадырхан.
Қайырымдылық шарасына Өскемен қаласының ән және би ұжымдары да атсалысты.
Төменде көрсетілген реквизиттер бойынша көмектесуге болады:
Kaspi Gold: 5169 4931 3778 1350 ИИН: 651024401845 Алибаева Гульмира Ахметовна (апасы)
Kaspi Gold: 5169 4931 5234 1908 ИИН: 890102302193 Копей Алтай Советулы (әкесі)
ForteBank, MasterCard: 5132 2304 3320 8892 Zhannat Yermekova (апасы) ИИН: 581122450058 СберБанк, VISA: 4263 4339 9231 8946 exp: 02/20
Azamat Imanov (ағасы) ИИН: 870303351527
PayPal: Zhannat221158@gmail.com (апасы)