Зырянда жүрген өзбек ағайын Өзбекстанға қайтарылды
Зырян ауданының Быково селосында саудамен айналысқан көрші елдің азаматында рұқсат қағаз болмай шыққан
Оның үстіне, өзбек ағайын көшедегі адамдарға кенеше жармасып, тауар сатып алуға үгіттеген. Ал өзге елдің азаматының бұл қарекеті тәртіп сақшыларын да таңқалдырып, оның кім екенін біліп көруге қызығушылықтары туған.
Зырян аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық бұзған көрші елдің азаматын тұтқындап, Өзбекстанға қайтаруға шешім шығарылған.