Түрме бухгалтері "ақша жеген"
Шемонаиха ауданындағы түзету мекемелерінің бірінде бухгалтер сотталушылардың қаржысын жымқырған болып шықты
Қызметтік бабын пайдаланған есепші сотталушылардың есепшотына аударылған 8 млн 665 мың 315 теңгені "қалтаға басқан".
Тергеу барысында есепші ақша жымқырғанын мойындап, 2 млн 400 мың теңгесін қайтарып берді.
Шемонаиха аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, есепші әйел алты жыл бас бостандығынан айырылған. Оның үстіне, оған "жеген" 8,5 млн теңгесін түзету мекемесіне қайтарып беруге шешім шығарған.