Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Устинка

Бос жатқан жерлердің картасы жасалады

Шығыс Қазақстанда жылдың соңына дейін бос жатқан жер учаскелерінің электронды картасы жасалады

Электронды карта жасалып, ғаламторға орналастырылғаннан кейін, оған кез келген азамат кіріп, қандай жерлердің бос жатқанын көре алады.

Қазақстанда цифрландыру, жаңа технологияларды тиімді пайдалану жұмысы қарқынды жүріп жатқаны белгілі. Бұл бір жағынан, мемлекеттік қызметкерлердің санын азайтып, мемлекет шығынын қысқартады. ІТ-инжиниринг қызметтерін дамыту мақсатында облыстық жер қатынастары басқармасы да ғаламтор арқылы өз қызметтерін ұсынуға күш салуда. Ал жылдың соңына дейін бос жатқан жерлердің электронды картасын жасап, оған инженерлік коммуникация желілерін, жолдар мен ғимараттарды, құрылыс нысандарын, өнеркәсіп пен кәсіпорындарды, демалыс орындарын орналастыруды көздеп отыр.

- Электронды карта, ең алдымен, орта және шағын кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар үшін қажет. Геоақпараттық порталдан кез келген азамат қай жерде қандай нысанның орналасқанын, қай жерде бос жер телімдері бар екенін көріп, өзіне қажетті ақпараттар ала алады. Мұндай электронды карта елде бірінші болып Қызылорда облысында жасалған. Оны қарағандылық ІТ-компания жасап берген екен. Біз де карағандылық компанияның қызметіне жүгініп отырмыз, - дейді ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова.

Геопортал жылдың соңына дейін дайын болған соң, тұрғындар ондағы инженерлік коммуникация желілеріне қосылу, сәулет-жобалау құжаттары мен жер телімдерін алу, аукцион мен сатылымға қатысу сынды мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалана алады.

Следующая →