Данияр Ақышев: Валюталардың құлдырауы – әлемде болып жатқан жағдай
Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев теңге жаз маусымына байланысты құлдырауда әрі әлемдегі валюталардың барлығы қазір құлдырап жатқанын айтты
2015 жылдан бастап елде теңге бағамы еркін жіберілген еді. Яғни, теңгенің бағамын реттеп отырудан Ұлттық банк бас тартқан болатын. Теңге нарығындағы бағам сұраныс пен ұсыныстың пайдасына қарай реттелуде, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.
- Әлемдегі валюталардың барлығы қазір құлдырап жатыр. Тек доллар ғана тұрақтылық ұстап тұр, - дейді Ұлттық банк басшысы.
Жазда демалыс, саяхат, шетелге шығу көбейетіндіктен, валюта айырбастау саласы да сұранысқа ие бола бастайды. Соған орай, сұранысы көп валютаның құны өсіп жатыр.
Данияр Ақышев теңгені айырбастауға қажеттілік тумаса, онда валюта ауыстырып қажет емес екендігін ескертті. Айтуынша, жылдың соңына дейін теңге тұрақталады.