Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Коворкинг орталығы ашылды

Пушкин атындағы облыстық кітапханада жастардың кітап оқып, жоба жасап, демалуы үшін коворкинг орталығы ашылды

Коворкинг дегеніміз - адамдардың бір жерде отырып жұмыс жасауына мүмкіндік беретін алаң. Егер кеңседегі адамдар бір-бірінен бөлініп, жеке отыратын болса, коворкингте отырған адамдардың арасында қабырға не бөгет болмайды. Ал орталықтың ашылуына облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі келіп, шығармашылық алаңмен танысты.

- Коворкинг деген ағылшын тілінің «бірлесіп жұмыс істеу» деген сөзінен шығады. Мұнда жастарымыз кітап оқи отырып, жаңа бастамалар, жобалар мен идеяларын жасайды. Қазір әлемнің жартысына жуығы ғаламтормен қамтылған. Енді жеті жылдан кейін әлемнің ғаламторға қосылмаған бірде-бір елдімекені қалмайды деп ойлаймын. Жасанды интеллект, чиптеу сынды бағдарлама жасау үрдісі қарқын алуда. Осы салаларды меңгеруіміз қажет, - деп кеңес берді аймақ басшысы жасөспірімдерге.

Кітапхана қызметкерлері жастарға шығармашылық кеңістік алаңын құра отырып, компьютер, ноутбук, сканер, принтер, 3D-принтер, ірі планшеттер қойып, оларды Wi-Fi, жедел интернетпен қамтыған. Бөлек-бөлек креслолар мен үстелдер орналастырып, шахмат пен дойбы ойнауға арналған алаңдар, IT-киіз үй жасаған.

Ал кітапхананың шығармашылық лабораториясында робот жасау, сурет салу, конструкция құрастыру, бағдарлама жасау сынды үйірмелер ұйымдастырылған.

- Коворкинг орталығы кіру, отыру, компьютер мен ғаламторды пайдалану оқырмандарымыз үшін тегін, - дейді кітапханашы Бақтылы Рахимбаева.

Следующая →