Салық төлемеген шығысқазақстандықтар елден шыға алмайды
Мемлекеттік кірістер департаменті салықты уақытылы төлемеген борышкерлерге айып салынатындығын ескертеді
Салық қарызын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан біліге болады.
Жер мен мүлік салығын 1 қазанға дейін, көлік құралдарына 31 желтоқсанға дейін салық төлеу керек. Егер қарыз көлемі 20 АЕК-дан асса (48100 теңге), жеке тұлғаларға сот шешімі рәсімделеді.
- Бұл нормалар сот орындаушылардың заңнамасымен реттеледі, - деп түсіндірді мекеме мамандары. - 30 күннің ішінде қарызын өтемегендердің, тіпті, мүлкі тәркіленеді.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі Кодекстің 288-бабына сай, салық төлеуші шарттарды орындамаған жағдайда алдымен ескерту жасалады, оған көнбегендерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Одан өзге, борышкерлерге уақытша Қазақстан шекарасынан шығуға тыйым салынады.