Шығыс Қазақстанда ертең бұршақ жауады
Синоптиктер облыс тұрғындарын қауіпті метеорологиялық құбылыстардың ықтималдылығы туралы ескертеді
"Қазгидромет" РМК филиалының ұсынған ақпаратына сәйкес, 16 маусым күні облыстың кей аудандарында күн күркірейді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.