Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +27°
$
440.9
-0.02
475.95
+0.59
¥
60.95
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

700-ге жуық түлек "Алтын белгісін" кеудесіне тақты

Биыл облыста 9740 жас түлек алтын ұя мектебінен қанат қағып, қолдарына куәлік алып, үлкен өмірге қадам басты. Олардың қатарындағы 684 шәкірт "Алтын белгі" төсбелгісіне қол жеткізді

Өскемен қаласының "Алтын белгі" иегерлерінің саны облыс аумағында осындай марапатқа ие болған оқушылардың төрттен бір бөлігін құрайды. Орталық мәдениет сарайында өткен биылғы мектеп түлектерінің салтанатты жиынында қаланың 50 мектебінен өз білім деңгейін дәлелдеп шыққан 1677 оқушының 116-сы "Алтын белгі" төсбелгісімен марапатталды. Марапаттау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қатысып, "Алтын белгі" төсбелгісін иеленген мектеп түлектерін құттықтады.

- "Үздік" түлектеріміз ата-ана, ұстаз, мектептің абыройын арқалап, 11 жылғы білімдерін дәлелдеп шықты. Ең бірінші - тәжірибелі ұстаздардың еңбегі және ата-аналардың ақ тілегі. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Облысымызда да жетекші ЖОО мен колледждер бар екенін ұмытпаңыздар. Сіздердің мамандық пен оқу орыын таңдауда қателеспегендеріңізге сенімім мол. Үлкен өмірде тек жақсы жандар жолықсын. Сәт сапар! - деп ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы келешегінен зор үміт күттіріп, еліміздің ертеңіне баланатын жас түлектерге жүрекжарды құттықтау лебізін жеткізді.

Ой қуған, білім қуған түлектердің қуанышы көзінен көрінеді, сөзінен байқалады. Солардың бірі Өскемен қаласы физика-математика лицейінің түлегі, "Алтын белгі" иегері, болашақ ақпараттық жүйелер маманы Арай Дутбаева білімін ұлттық сынақта сынауға дайын.

- Білім деңгейіміздің жоғары болуы - ұстаздар қауымының жұмысының жемісі. Ұстаздарымыздың берген сапалы білімінің арқасында ҰБТ-ға дайындықта қиындықтар туындаған жоқ. Дайындық тестілеу кезеңінде 128-140 балл аралығында жинап жүрмін. Ал облыс әкімінің орынбасары қолынан "Алтын белгі" төсбелгісін алу - мен үшін үлкен құрмет, - дейді Арай Дутбаева.

Жалпы, шығыс өңірі үшін 2017-2018 оқу жылы сәтті қорытындыланды деуге негіз бар. Бұл ретте, облыс оқушылары "Үздік олимпиадалық команда" дәрежелеріне қол жеткізді.

Марапаттау рәсімінде республикаға танымал кішкентай өнер жұлдыздары әсем әндерін әуелетіп, жиылған көпшілікті әсерлі күйге бөледі.

Следующая →