Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қоқысты сұрыптау қолға алынады

Бүгінде Риддер қаласында жалпы алаңы 18 гектар болатын қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Бұған дейін бұл полигонды жабу қаупі төнгені жасырын емес. Полигонның жұмыс мерзімі 2019 жылы аяқталады

Ал мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында "Фирма Эталон" ЖШС полигонды 2025 жылға дейін пайдалануға рұқсат алды. Қалада табиғи су ағындары көп болғандықтан жаңа полигонды салуға алаң жоқ. Сол себепті полигонның мерзімін ұзарту - алдыңғы мәселе шебінде тұрды.

Сондай-ақ, кәсіпкер ҚТҚ сұрыптау цехын құру жобасын жасады. Сатып алынған цех жабдықтары қазірдің өзінде 28 миллион теңгені құрап отыр.

- Елбасының Жолдауының аясында біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудамыз. Жоба барлық сынақ түрлерінен өтті. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат құжаттарын дайындап жатырмыз. Осы жазда цехтің құрылысы басталады және жоспар бойынша келесі жылдың басында аяқталмақ, - дейді Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау - қалдықтардың 40%-дан астамын қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Риддер Қоқыс