180 адамның өмірін құтқарған азаматша марапатталды
Дүниежүзідік донор күні облыстық Қан орталығында сан мәрте жағдайы қиын науқастарға көмек қолын созып, донор атанғандар марапатталды
ҚР мемлекеттік сыйлығына 19 жыл ішінде 40 литр қан тапсырған қала тұрғыны ие болды. "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісі Юлия Китаеваға бұйырды.
Следующая →
- Юлия Петровна 1999 жылдан бері 61 рет қан тапсырған екен, - деп хабарлайды ШҚО Қан орталығының сайты. - Діргерлер шұғыл қоңырау шалып, шақыртқанда бірде-бір рет көмектен бас тартқан емес. Оның өзгеге деген жанашырлығының арқасында 180 адамға өмір сыйлаған.