Өскеменде 16 адам өрттен қайтыс болған
Бес айдың ішінде өрттің кесірінен 16 адам қайтыс болған. Ал былтыр бір жылдың ішінде осынша адам жалыннан көз жұмған болатын
Өскеменде өрттің кесірінен қайтыс болғандардың саны артып тұр, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Жылдың басынан бері 180 өрт болған, - дейді Өскемен ТЖБ баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, тұрғындардың көбі қарапайым ғана өрт қауіпсіздігі шараларын жасамағандығы үшін өмірінен айырылып жатады.