Балаларға бақыт сыйлады
"Жас Отан" жастар қанаты Балаларды қорғау күніне орай дарынды балаларды құттықтап қайтты
Сабақ, емтихан мен бақылау жұмыстары аяқталды, балалар үйге қайтты. Алайда 25 бала мектепке қайтып оралды. Өйткені өскемендік белсенді жастар балаларды құттықтауға, оларға тосын сый жасауға келмек.
"Балаларға күлкі сыйла" атты ұран ұстанған жастар бүлдіршіндерді жинап, "Металлургтер" саябағына апарды. Мұнда балалар көңіл қалаған аттракциондарына тегін отырып, мерекелік бағдарлама тамашалады. Кейін этноауылға апарып, тарихты қызықты деректері жайында баяндады.
- Балалар – бұл біздің жарқын болашағымыз. Депутаттардың, қолдау көрсетушілердің көмегіне рахмет. Бұл күннің оқушылардың есінде қаларына сенімдімін, - дейді "Жас Отан" мүшесі Шолпан Мұсабаева.