Өскемен балалары қолдарына қару ұстап көрді
Халықаралық балалар күніне орай 6699 әскери бөлім балаларға арнап ашық есік акциясын ұйымдастырды
Әскери бөлім өскемендік балаларға арнап ерекше акция өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Балалар әскери өмірдің қыр-сырымен танысты: қолдарына қару-жарақ ұстап, сапта тұрып марш жасаудың тәртібін үйренді.
- Шараның өткізудің мақсаты – балаларды, келешек ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, - дейді 6699 әскери бөлімінің бөлім басшысы Рустам Мұқанов.
ҚР ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, жауынгерлер балаларға арнап әскери әдіс-тәсілдер бойынша шеберлік сыныбын өткізген.