ШҚО әкімі: Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықты туристік орынға айналдыру қажет
Аймақтың дарынды балалары, ғалым болғысы келген оқушылар әлемде теңдесі жоқ Ұлттық ядролық орталықты, Токамакты тамашалап қайта алады
Облыс әкімі бұл жайында "Нұр Отан" партиясы қатысуымен өткен Саяси бюро отырысында айтылды.
ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Курчатовта "Жас физик-2018" атты жазғы мектеп ұйымдастырылған. Облыс әкімінің ойынша, қолда бар алтынды – Токамак пен Ұлттық ядролық орталықты әлемге таныстыру қажет.
- Әлемде екі жерде ғана Токамак бар. Оның бірі – Курчатовта. Бұған арнайы бағдарлама дайындау қажет. Оқушыларымыз Токамактың жұмысымен танысуы керек, - деді аймақ басшысы.