Өскемендік шенеуніктер көшет отырғызды
Сенбі күні таңертең Өскемен қаласының мемлекеттік қызметкерлері Есенберлин даңғылына аттанып, республикалық деңгейдегі экологиялық акцияға қатысты
Сәуір айында елдің мемлекеттік қызметкерлері арасында "90 мың көшет" атты экологиялық бағдарлама бастау алған еді. Өскемен қаласының мемлекеттік қызметкерлері де бұдан шет қалмай, қолдарына күрек пен көшет алып, ЖМК ауданындағы саяжолды абаттандырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, отырғызылған көшеттер қоршаған ортаны жақсартып қана қоймай, қаланың көрікті болуына да әсер етпек.