Өскеменде шомылу маусымына дайындық басталды
Жаңбыр мен екпіндеп соққан желге қарамастан, құтқарушылар қалалық су қоймаларын аралап, ал коммуналды мекеме қызметкерлері орындықтарды сырлап, электр сымдарын тартуда
Шомылу маусымы басталуға бес күн қалды. Бірақ ауа райының қолайсыздығына орай, биыл шомылу маусымы кешірек басталатын сияқты.
- Қазір шомылу маусымына дайындық қарқынды. Демалыс базаларынан аваторийлерді тексеріп, қарап шығуға шақыртулар түсіп жатыр, - дейді ШАШҚТ бас құтқарушысы Анатолий Рожков. - Құтқарушылар да белсенді дайындықтарын бастап кетті. Орталық құтқару стансасының бесінші бөлімшесінде 18 мамырдан бастап 27 жасақшы-құтқарушыны дайындау курстары ұйымдастырылған.
Следующая →