Сыра саптыаяғымен басын жарды
Ішімдікке сылқия тойып, дәмханада көңіл көтеріп отырған азаматқа көрші үстелде отырған азаматшаның дөрекілік танытқаны ұнамай қалған
Оқиға Бажов көшесіндегі дәмханалардың бірінде орын алған. 36 жастағы ер адам досымен бірге көңіл көтеруге келген. Ішімдік басына шыққан ол көрші үстелде отырған бес қызға тиісе бастаған. Тіпті, отырған қыздардың оның әйелін жақсы танитындығынан да қымсынбаған.
Өскемен қалалық №2 сот материалдарынан белгілі болғандай, бұған дейін істі болған ер адам қыздардың бірінен соң бірінен қырғидай тиген. Ашуға булыққан қыздардың бірі бейәдеп сөзбен аулақ кетуін сұраған. Ал бойжеткеннің бұндай "ауыр сөзін" көтере алмаған азамат бойжеткеннің басынан ауыр сыра саптыаяғымен соққан. Зардап шеккен азаматшаны травматология бөліміне алып кетсе, тәртіп бұзған азаматты полиция бөлімшесіне алып кеткен.
Азаматшаға келтірген жарақаты ауыр әрі бұрынғы ісі бойынша бірнеше күнінің жазасы өтелмегендіктен қылмыскер бес жыл, он күнге бас бостандығынан айырылды. Зардап шеккен азаматшаға ота жасалып, ол еңбекке жарамдылық қабілетінен айырылып, мүгедектік алуға мүдделі болып отыр. Сол үшін қылмыскер зардап шеккен азаматшаға бір жарым миллион теңге өтемақы төлеуге міндетті.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Следующая →