Өскемен
пасмурно
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -13°
  • Актау
    +2°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -20°
  • Қостанай
    -23°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -26°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    -2°
$
517.66
606.49
¥
73.52
6.44
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендіктердің оқушы қызды іздегеніне бір апта болды

18 жастағы Раушан Жармұхаметованың жақындары қыздың белгілері және фотосуреттерін қаланың әр жеріне желімдеп жүр

Жетінші күнге созылған іздестіру нәтиже бермеді. Раушанның ет-жақындары оның 19 мамырда сағат 15:00-де Красина кентіндегі үйден шығып кеткенін айтады. Қыз №5 мектепке жол тартқан, алайда оқу орнына бармаған.

Раушан ҰБТ-ны тапсыруға дайындалып, көп уақытын оқуға арнаған. Достары мен таныстары 11-сынып оқушысының қайда бара алатындығы туралы ештеңе білмейді.

18 жастағы қызды іздестіруге Rina.kz еріктілері мен полиция қызметкерлері де қосылды. Бірақ Раушан туралы ешқандай жаңалық жоқ.

Оқушы қыздың бойы 170 см , дене бітімі арықтау келген, шашы каре үлгісінде қиылған және қою қоңыр түсті. Ол сол күні қара пальто және тоқылған сұр көйлек киген.

Кез келген ақпаратты жеткізу үшін + 7-776-498-88-89, + 7-776-454-55-54 немесе 102 нөміріне хабарласуларыңызға болады.
Следующая →