KADEX көрмесінде қайғылы оқиға орын алды
Халықаралық көрме барысында үлкен жарнама қабырғасы құлап, көрмеге келушілердің бірі ауыр жарақат алып, мерт болды
Астана қаласында өтіп жатқан халықаралық көрме кезінде ауа райы күрт құбылып, қатты жел тұрған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақпараттық қабырға ер адамның үстіне құлап, ол дереу ауруханаға жеткізілген. Президент істері басқармасының медициналық орталығына жеткізілгенде ер адам есін білетін, бірақ жағдайы нашарлап кеткен. Дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасаса да ер адамның өмірін құтқару мүмкін болмады. Азаматтың қайтыс болғанын ПІБ медорталығы ауруханасының директоры Амир Ахметов растады.
Следующая →

- Медициналық көмек дер кезінде көрсетілді. Өкінішке орай, алған жарақаты ауыр болып, ер адам көз жұмды. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз! - дед ол.