Өртті өз бетінше сөндірмек болған азамат күйіп қалды
Өткен сенбі күні Жаңа Ахмер кентіндегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан
21.00 шамасында Мерей көшесіндегі жер үйден шыққан өрт ағаш төбесін мен үй иелерінің жеке заттарын шарпыған.
Следующая →
- Ол кезде үйде 1971 жылғы үй иесі болған. Ол тілсіз жаумен жалғыз күресе бастаған, - деп хабарлайды Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі. - Осылайша үй иесінің басын, иығы мен бір қолының буын тұсын күйік шалған. ШҚО Апаттық медицина орталығының дәрігерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, №1 қалалық ауруханаға жеткізді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі 12 шаршы метрді шарпыған өртті ауыздықтады.Қазір өрттің шығуы бойынша газ құрылғысын пайдалану барысында өрт қауіпсіздік техникаларын сақтамау нұсқасы қарастырылуда.