Өскеменде өрттен мүмкіндігі шектеулі адам қаза тапты
Машиностроительдер көшесіндегі көппәтерлі үйдің тұрғыны көмірқышқыл газына уланған. Үйдің тағы да 13 тұрғыны эвакуцияланды
Өрт өткен жұмада, шамамен, сағат 21.00-де болды. №6 өрт сөндірушілер бөлімі оқиға орынына келгенде өрт бірінші қабаттағы пәтердің ас үйі мен дәлізін жалмап үлгерген.
Өрт сөндірушілер өртті сөндіре бастағанда пәтердің қонақ бөлмесінен 34 жастағы екінші топтағы мүгедек азаматтың жатқаны анықталған.
Өрт сөндіру бөлімі күзетінің бастығы Айдар Баянбаев зардап шеккен ер адамға жасанды өкпе вентиляциясын жасады. Сондай-ақ апаттық медицина орталығының дәрігерлері де оқиға орнына келіп, көмектескен. Алайда ер адам қаза тапты.
Өрт сөндірушілер 30 минуттан кейін өртті толығымен сөндірді. Осы уақыт ішінде 13 адам құтқарылды, оның екеуі балалар болды.
Следующая →