Ертең Өскемендегі трамвайлар жұмысын бастамақ
Қаланың көркіне айналған, қанша жыл бойы қызмет етіп келген трамвайлар қайта іске қосылады
Бүгін трамвайларды қайта іске қосып көрді. Айта кетейік, қаладағы бұл қоғамдық көлік түрі наурыз айының ортасынан бері тоқтатылған болатын. Енді, ертең, 19 мамыр күні трамвайлар қайта жолға шығып, қала халқын тасымалдайтын болады.
Следующая →
- Ертеңнен бастап халыққа үйреншікті болған №№1,3,4 бағыттағы трамвайлар қатынайтын болады, - деп хабарлады Трамвай паркінің директоры Владимир Панков. - Вагондар таңғы сағат 5.30-дан бастап 00.05-ке дейін жолаушыларды тасымалдаумен айналысады.Әзірге тек 10 бұрынғы вагон ғана пайдаланылмақ. Ал Алматыдан әкелінгендері депода тұра тұрмақ. Оларды әлі тексеру қажет болғандықтан, рельске қашан шығатындығын айту қиын.
Тақырыптар:
Трамваи в Усть-Каменогорске Трамвайный парк в Усть-Каменогорске Движение трамваев в Усть-Каменогорске