Өскеменнің тұрғыны бір түнде алты көліктің аккумуляторын ұрлаған
Ол бір күннің ішінде 100 мың теңге шамасында пайда тапқан
Оқиға 13 мамырдан 14-сіне қараған түні болған. Оның үстіне, 21 жастағы жігіт сигнализациясы жұмыс істемейтін отандық көліктердің аккумуляторларын ұрлаған.
Жігіт алдымен Серікбаев көшесінде тұрған ГАЗ көлігінің есігін ашып салонына кіріп кеткен. Бірақ онда ешқандай құнды зат таба алмаған соң, капотын ашып аккумуляторына қол жүгірткен.
Алайда бұл оған аз көрінгенге ұқсайды. Кейін Серікбаев, Потанин, Ғарышкерлер көшесіндегі, Тәуелсіздік даңғылындағы көліктердің аккумуляторларын ұрлаған.
Ұрлаған заттарының жартысын сатып үлгерген. Қазіргі уақытта оған қатысты сот алды тергеу амалдары басталды.