Дүңгіршектерді алып тастайды
Өскеменде заңсыз орналасқан дүңгіршектер алына бастады
Былтырдан бастап облыс әкімшілігі ретсіз ілінген, тігілген жарнамалар мен қаланың көркін бұзатын киоск-дүңгіршектерді алып тастау туралы ойлар айтқан болатын.
Енді, міне, Өскемен қаласының көшелері мен аулаларында орналасқан техникалық-санитарлық талаптарға сай емес дүңгіршектерді алып тастау жұмысы қолға алына бастады.
Ал өткен аптада Ушанов алаңы маңында орын тепкен алғашқы заңсыз киоскі алынып тасталды. Оның иесіне былтыр айыппұл салынған екен.
Следующая →

- Былтыр күзде сот шешімі шығып, дүңгіршектің заңсыз орналасқаны дәлелденген еді. Ал иесіне 680 мың теңге айыппұл салынған болатын, - дейді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.Ал мамандар тексеріс кезінде Өскемен қаласында 200 киоскінің заңсыз қойылғанын анықтаған. Енді бұл дүңгіршектердің барлығы алынатын болады.
- Бұл саудагерге кедергі келтіру емес. Астанадағы сынды Өскеменде де "Мың сауда орны" сынды бағдарламаны жүзеге асыру көзделген. Соған орай, қалада 20 павильон орналастырылады. Ал павильондардан сауда орындарын алу үшін аукционға қатысу керек, - дейді Әсем Қайратбек.