Өскеменге әкелінген электробустың оң және теріс жақтары айтылды
Электробустың қалада жүргеніне үш аптадай уақыт болды
Қазақстанда екі электробус қана шығарылған. Оның бірі Өскемен қаласында сынақ өтіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Жаңа көліктің экологиялық жағынан таза екендігі әрі энергияға аз шығын шығаратыны белгілі. Одан бөлек, қала тұрғындары көліктің оң жақтарымен қатар теріс жақтарының бар екендігін айтқан. Ең басты кемшілігі – қоғамдық көлік шағын, адам сыймайды.
- Өскемен қаласында сынақтан өтіп жатқан электробустың ұзындығы сегіз метр. Бізде 12 метрлік электробустар бар. Соны сатып алуға болады, - дейді автобус шығарумен айналысатын HIger Quazar компаниясының бас директоры Роман Миразимов.
Бұдан басқа, қала тұрғындарың электробустың ток жетпей бірнеше рет тоқтап қалғанын айтады. Ал оны қуаттау үшін Трамвай паркіне әкелген көрінеді. Автобус онда да қуат бекетінен энергия ала алмағанға ұқсайды.
- Электробустың қуатын оңай толтыруға болады. Таңертең қуатын толтырып, түске дейін жүруге болады. Ал түс уақытында 15 минут токқа қосып қойса, кешке дейін жүре береді, - дейді Роман Миразимов.
Ал электробустың бағасы 280 мың доллар немесе 92 млн теңге тұрады екен. Ал дизельмен жүретін автобустарға қарағанда шығыны бес есе аз.
Дегенмен мұндай қымбат қоғамдық көлікті сатып алуға тасымалдаушы компаниялардың қаржысы жете ме, жоқ па, ол жағы белгісіз.
Следующая →