Ереван халқы мэрдің отставкаға кетуін қалайды
Ереванның мэрі Тарон Маргарянның отставкаға кетуін талап еткен наразалық білдірушілер қала әкімшілігіне басып кірді
Алайда көтерілісшілерді мэрдің күзетшілері мен тәртіп сақшылары ұстап қалды, деп хабарлайды РИА Новости.
Наразылық білдірушілері Маргарянды азаматтардың алдында есеп бермейді деп айыптады. Өйткені абаттандыру кезінде қала әкімшілігі маңындағы ағаштар кесілген болатын. Ал қала әкімі азаматтардың ағашты кеспеу туралы наразалығын елемеген көрінеді.
Маргарян 2011 жылы Ереван қаласының басшысы болып тағайындалған болатын.