Семейдегі кішкентай қыз миы зақымданғандықтан, сөйлей алмайды
Жеті жасар Эвелина Хрипченконың сөйлеп кетуге мүмкіндігі бар. Бірақ бәрі қаржыға келіп тіреледі
Кішкентай қыздың атасы оның дертімен жеті жыл бойы күресіп келеді. Бала маңайында не болып жатқанын мүлдем білмейді, тілі жоқ, сөйлемейді. Бұған миындағы кесел себеп: бұл ауру мидың резидуальды-органикалық бұзылуы деп аталады. Ал оны емдету үшін 3,5 млн теңгедей қаржы қажет.
- Балама бір жаста болғанда, АКДС-екпе салынғаннан бері жағдайы нашарлап кетті. Тілі шықпай, айналаны тануға деген қызығушылығы төмендеп кетті. Бала жиі жылайды, маңайдағы заттардың барлығынан үрейленіп жүреді, айғайлайды, - дейді қыздың анасы Ариадна Дегтярева.
Клиникадағы дәрігерлер де әртүрлі диагноз қойған. Ал емдеу шаралары еш нәтиже бермеген. Қыздың анасы үміт үзбей отыр. Эвалинаның әкесі де, туған-туыстары да кері айналған.
- Дәрігерлер бізге қызыңыз жазылып кетеді деп отыр. Бірнеше емдеу курстарынан өткеннен кейін, қызымның жағдайы жақсарар, қалыпты өмірге оралар деп үміттеніп отырмыз, - дейді анасы.
Қызға ота жасалмайды, тек арнайы мамандар оған естуді, сөйлеуді үйретеді.
Эвелина Хрипченконың реквизиттері:
СБЕРБАНК: карта нөмірі 4424 6400 3429 8342
Kaspi Gold: 5169 4931 7499 9030
HALYK BANK: карта нөмірі 5454 5100 3862 4358
Fortebank: карта нөмірі 5132 2304 2905 8897
ИИН 820724400797
QIWI әмиян: 8-777-477-16-02
Телефон: 8-747-742-82-31(Ариадна Дегтярева).