Өскеменде сауда киоскілері алынады
Заңсыз орналасқан киоскілер алынып тасталады
Ал бүгін бірінші рет Ушанов алаңында орналасқан киоскі орнынан алынды. Оның иесіне былтыр айыппұл салынған екен, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Былтыр сот шешімі шығып, бұл жерде дүңгіршектің заңсыз орналасқаны дәлелденген еді. Дүңгіршек иесіне 680 мың теңге айыппұл салынған, - дейді Өскемен әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.
Ал мамандар тексеріс кезінде Өскемен қаласының көшесі мен аулаларында тұрған 200 киоскінің заңсыз орналасқанын анықтаған. Енді бұл киоскілердің барлығы алынатын болады.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Снос киосков в Усть-Каменогорске Акимат Усть-Каменогорска Благоустройство Усть-Каменогорска