Өскеменде жас жігіт таныс қызбен ішімдік ішіп, көлігінен айырылып қала жаздады
Қаланың 25 жастағы тұрғын қызы досының "Лада Калина" көлігін айдап кеткен
Екі жас кездесіп, Сәтпаев даңғылының бойындағы кафелердің біріне отырып, ішімдік ұрттаған. Ал көңіл көтеру орны жабылған кезде, екеуі шығып, ішімдік "марафонын" гаражда жалғастырмақ болған.
Екеуі бір көлікке отырып, жолда бір литр арақ пен бір қорап темекі алған. Осы кезде жігіт өзінің қатты мас екенін сезініп, қалың ұйқыға кеткен.
Ал досының ұйықтап жатқанын көрген қыз оның қалтасынан көліктің кілтін алып, автокөлікті оталдырып, жөніне кеткен. Сөйтіп супермаркет маңындағы тұрақжайға тоқтамақ болған кезде, Subaru Forester көлігіне соғылған. Жауапкершіліктен қашпақ болған қыз, көлікті тастап кетіп қалған.
Өскемен қалалық №2 соты жас қызды екі жыл бас бостандығын шектеуге шешім шығарған әрі жігіттің көлігін соққаны үшін 500 мың теңге өтемақы төлеген.