Өскеменде ҰОС қаһармандарына арналған Естелік вахтасы ашылды
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында өскелең ұрпақтың елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында үлкен акция басталды
Күннің суығы мен салқын ауа райына қарамастан, Даңқ Мемориалы маңына мыңдаған адам жиналып, жас әскерлердің өнерін тамашалады.
Мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары, ауған соғысы мен ҰОС ардагерлері, мемлекеттік орган өкілдері, белсенді жастар мен еріктілер Меориал маңына жиналып, дәстүрге айналған Естелік вахтасын ашу салтанатына қатысты.
- Соғыс деген мен үшін жай ғана сөз болатын. Алайда соңғы уақыттары тарихымызға терең үңіліп оқи бастаған сәтте, соғыстың қандай зұлматты болғанын түсінгендеймін... Жазда Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар алып оқитын боламын, - дейді мектеп оқушысы Алина Аманбаева.
Естелік вахтасы соғыста хабар ошарсыз кеткен сарбаздары іздеу мақсатында құрылған қозғалыс болатын. Ал қазіргі таңда бұл қозғалыстың мәні өзгерген: акция өткен тарихты есте сақтау, қаһармандарды еске алуға үйретеді.